ІІМ жоғары оқу орындарында оқыту

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары өз қызметін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға рұқсат беретін құрылтай құжаттары мен лицензиялары негізінде жүзеге асырады.

Оқу орындарының қызметі білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

ПІІМ ЖОО-на қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (ІІМ-нің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығы).

Қабылдау медициналық, физиологиялық, психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша қабылдау комиссиясының отырысында жүргізіледі.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы